Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

«Абай әлемі - мәңгілік мұра» апталығы басталды

03 шілде 2026 2

Апталықтың мақсаты - қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ойшылы Абай Құнанбайұлының мол әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Несіпкүл Өтебаева мен Түркістан қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының көркемсөз үйірмесінің жетекшісі Гүлжан Оразгелдиева қатысып, Абай мұрасының ұлттық руханияттағы орны мен тағылымдық мәні туралы мазмұнды ой бөлісті.

Іс-шара аясында «Абай әлемі - мәңгілік мұра» тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері, қара сөздері, аудармалары мен абайтануға арналған құнды еңбектер оқырман назарына ұсынылды.

Кеш барысында жас оқырмандар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады. Сонымен қатар, ақын аударған «Қарға мен түлкі» мысалы негізінде сахналық көрініс қойылып, қатысушылардың шығармашылық қабілеттері көрініс тапты. Танымдық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін саралады.

Айта кетейік, Ұлы ақынның рухани мұрасын ұлықтауға бағытталған әдеби-танымдық апталық оқырмандарға тағылымды әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты. Апталық аясындағы мәдени-рухани іс-шаралар алдағы күндері де жалғасады


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз