Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы — мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан рухани қазына орталығы.
1961 жыл: Кітапхана өз қызметін 340 дана кітап қорымен, бір ғана шағын бөлмеде 4 қызметкермен бастады.
1976 жыл: Шымкент қаласының әл-Фараби (бұрынғы В.И. Ленин) көшесіндегі 9 қабатты үйдің 1-қабатына көшіп, сол жылдың 23 наурызында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді.
2024 жыл: Кітапхана Шымкент қаласынан облыс орталығы — киелі Түркістан қаласына қоныс аударды.
2026 жыл: Кітапхананың 65 жылдық мерейтойы қарсаңында жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, жаңа тыныспен өз жұмысын бастады.
Бүгінгі таңда ОБК — балаларды кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін аудандық, қалалық және ауылдық балалар кітапханаларының негізгі әдістемелік орталығы болып табылады.
Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз