Құқықтық негіз: Кітапхана ережелері ҚР Конституциясына, «Мәдениет туралы» Заңға және мекеме жарғысына сәйкес әзірленген.
Мәртебесі: ОБК — балаларға қызмет көрсететін арнайы мәдени, білім беру және ақпараттық орталық.
Қолжетімділік: Кітапхананың негізгі қызметтері — тегін.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі – Жұма, 09:00 – 19:00 (Үзіліс: 13:00 – 15:00). Сенбі және жексенбі күндері кезекшілік кестесі бойынша жұмыс істейді.
Кімдер жазыла алады: Мектеп жасына дейінгі балалар, 1-9 сынып оқушылары, ата-аналар мен мұғалімдер.
Тіркелу тәртібі: Жас оқырмандар ата-анасының немесе қамқоршысының кепілдік хаты негізінде тіркеледі. Жыл сайын қайта тіркеуден өту міндетті.
Кітап беру мерзімі: Басылымдар үйге 10-15 күнге беріледі. Сөздіктер, сирек және бағалы кітаптар тек оқу залында пайдаланылады.
Жауапкершілік: Кітапты бүлдіру немесе жоғалту жағдайында оқырман оны дәл сондай немесе құны жағынан тең басылыммен ауыстыруға міндетті.
Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз