«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Көгілдір түсті матаның ортасында шұғылалы күн мен қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тудың сабында тік ұлттық өрнек орналасқан. Күн, қыран және өрнек бейнесі — алтын түстес.
Авторы: Шәкен Ниязбеков.

Елтаңбаның негізі — көгілдір түс аясындағы шаңырақ. Оны айнала уықтар тарап, екі жағында аңыздағы қанатты пырақтар орналасқан. Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз, төменгі бөлігінде «Qazaqstan» жазуы бар.
Авторлары: Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған туынды 2006 жылы 6 қаңтарда Парламентте бекітілді.
Ән авторы: Шәмші Қалдаяқов.
Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз