Мерекелік шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына құрмет пен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Мерекелік бағдарлама аясында зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетіліп, Отанға арналған өлеңдер оқылды. Сонымен қатар патриоттық әндер шырқалып, қазақтың ұлттық биі мен күмбірлеген күйі көрермен назарына ұсынылды.
Тағылымы мол мерекелік кеш елдік пен бірлікті, тәуелсіздік пен отансүйгіштікті ұлықтап, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз әрдайым биікте желбіреп, Қазақстанымыздың абыройы асқақтай берсін!