Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

«АҚЫЛДЫММЕН АҚЫЛДЫМЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК БАЙҚАУЫ

30 қазан 2026 27

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Ақылдым» республикалық балалар журналының ұйымдастыруымен «Ақылдыммен Ақылдымын» республикалық зияткерлік байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – балалардың зияткерлік қабілетін, логикалық ойлауын, тапқырлығы мен шығармашылық әлеуетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, мерзімді басылымдарды тұрақты оқуға баулу және алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдануға үйрету.

Байқаудың әділқазылар алқасының құрамында:

«Қызмет» ЖШС республикалық қоғамдық апталық газетінің директоры, республикалық «Ақылдым» балалар журналының бас редакторы, «Серпіліс» қоғамдық қорының директоры Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы; Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы балалар бөлімінің сектор меңгерушісі Жетпісбай Балнұр Зейнұрқызы; Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы директорының орынбасары Исабекова Айгүл Бақытқызы болды.

Әділқазылар қатысушылардың жұмыстарын белгіленген талаптар бойынша бағалап, білім деңгейіне, шығармашылық ізденісіне, тапқырлығы мен сахналық шеберлігіне назар аударды.

Байқау барысында қатысушылар білімдерін ортаға салып қана қоймай, өздерінің ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, шешендігін және заманауи технологияларды меңгеру дағдыларын көрсетті.

Байқау нәтижесі бойынша:

🏆БАС ЖҮЛДЕ: Талғатқызы Раяна иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

🥇І ОРЫН: Омар Бекболат иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.

🥈ІІ ОРЫН: Рустем Райана, Жұмахан Мереке, Жұмахан Айшабибі.

🥉ІІІ ОРЫН: Тастанбек Айсәуле, Садилла Ұлжалғас, Серік Балнұр иеленді.

Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

«Ақылдыммен Ақылдымын» байқауы – кітап оқуға құштар, ойы ұшқыр, білімі терең, жаңашыл ұрпақ қалыптастыруға бағытталған тағылымды білім алаңына айналды.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз