Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

ИТАЛИЯЛЫҚ ЖАЗУШЫ РОБЕРТО БОЛТРИ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА ҚОНАҚТА

15 қазан 2026 109

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында италиялық жазушы, эколог, БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның халықаралық еріктісі, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби мұрасын зерттеуші Роберто Болтри және сүйікті жары ардагер кітапханашы Алтын Маханбетжанова қонақта болды.

Құрметті қонақтар кітапхананы аралап, оның тыныс-тіршілігімен, заманауи мүмкіндіктерімен және оқырмандарға қызмет көрсету бағыттарымен, кітапхана мамандары жүзеге асырып жатқан жобалар мен бастамалар жайлы танысты.

Роберто Болтри кітапханамыздың алтын қорына өзінің «Ұмытылған тарих» және «Итальянец – “esubero” Центральной Азии» атты кітаптарын табыстады. Бұл құнды сый кітапхана қорын толықтырып, оқырмандардың тарихи-танымдық әдебиеттерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз.

Құрметті қонақтарға кітапхана директоры Летаев Рысбек Ермекұлы арнайы сый-құрметін көрсетіп, өз алғысын білдірді.

Әл-Фараби мұрасын зерттеуші Роберто Болтридің кітапханамызға арнайы келуі – халықаралық мәдени байланысты нығайтуға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және кітапхана мен оқырман арасындағы танымдық көпірді кеңейтуге бағытталған маңызды кездесу болды!


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз