Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

РУХАНИЯТ ОРДАСЫНА – 65 ЖЫЛ: МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

20 қазан 2026 105

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 65 жылдық мерейтойына орай «Руханият ордасына – 65 жыл» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.

Алпыс бес жыл бойы жас оқырмандардың білімге деген құштарлығын арттырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосып келе жатқан кітапхана – өскелең ұрпақтың рухани дамуына жол ашқан білім мен парасат ордасы.

Салтанатты жиында Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Садықов Бақытжан Шынарбайұлы мерекелік кешті ашып, кітапхананың мерейлі белесімен құттықтады. Сонымен қатар, мәдениет, әдебиет, журналистика және кітапхана саласының өкілдері, зиялы қауым мүшелері мен арнайы қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, руханият ордасының қоғам өміріндегі маңызын атап өтті.

Мерекелік кеште Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әліпов Мадияр Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ кітапхана ұжымына шығармашылық табыс тілеп, кітапхана қызметкерлеріне Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының атынан Алғыс хаттар табыстады.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз