Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Абай мұрасы – ұрпаққа аманат апталығы қорытындыланды

10 тамыз 2026 181

Қорытынды кеш барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, әдеби және музыкалық мұрасы кеңінен насихатталды. Кеште жас оқырмандар мен өнерпаздардың орындауында ақынның өлеңдері оқылып, Абайдың әндері шырқалды. Сонымен қатар ұлы ақынның қара сөздерінен тағылымды үзінділер ұсынылып, Абай мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңызы атап өтілді.

Мерекелік шараға Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы арнайы дайындалып, Абай әлемінен сыр шертетін мазмұнды инсталляциялық көрме жасақтады. Көрме қонақтарға Абайдың қайталанбас шығармашылық әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік беріп, ақынның әдеби мұрасын, адамгершілік пен білімге үндеген тағылымды ойларын кеңінен насихаттауға бағытталды. Инсталляциялық көрме мерекелік шараның мазмұнын толықтырып, Абай мұрасының өміршеңдігін және оның шығармаларының бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін көрсетті.

Қорытынды кештің маңызды бөлігінің бірі – Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі болды. Рәсім барысында ұлы ақынның рухани мұрасына тағзым жасалып, оның өлмес шығармаларының ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретіндігі айтылды.

«Абай әлемі – мәңгілік мұра» апталығы жас ұрпаққа ұлы ақынның шығармашылық әлемін танытып қана қоймай, ұлттық руханиятты дәріптеуге, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және Абай мұрасын кейінгі буынға аманат етуге бағытталған мазмұнды шаралармен қорытындыланды.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз