Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

КҮМБІРЛЕ, ҚОҢЫР ДОМБЫРА

02 шілде 2026 7

Шараның мақсаты – ұлттық өнеріміздің алтын қазығы саналатын домбыраны дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру және дәстүрлі музыкалық мұрамызды насихаттау.

Іс-шараның құттықтау сөзінде Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан қаласының құрметті азаматы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы, №28 мектеп-лицейі директорының м.а. Замира Базарбайқызы және ақын, ұстаз Арқалық Әмәлият қатысушыларды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыраның қазақ руханиятындағы орны мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік кеш аясында домбыраның шығу тарихы, қазақ халқының рухани-мәдени өміріндегі орны мен маңызы, күй өнерінің қалыптасуы туралы құнды мәліметтерді қамтыған «Домбыра-ұлтымыздың асыл қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеге ұлттық музыка өнері, қазақтың дәстүрлі күйлері, әйгілі күйші-композиторлар мен домбыра өнеріне арналған кітаптар, энциклопедиялық және танымдық басылымдар қойылды. Келушілер көрмемен танысып, ұлттық мұрамыз туралы тың ақпараттар алып, кітапхана қорындағы құнды әдебиеттерге ерекше қызығушылық танытты.

Кеш барысында кітапхана оқырмандары мен “Балалар мен жасөспірімдер орталығы” МКҚК-ның “Домбыра” үйірмесінің өнерпаздары қазақтың халық күйлері мен әсем әндерін орындап, домбыраның қоңыр үнімен көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Шара соңында кітапхана директоры Летаев Рысбек Ермекұлы қорытынды сөз сөйлеп, Ұлттық домбыра күнінің мәні мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан қонақтар мен ұйымдастырушыларға, домбыра үйірмесінің жетекшілері мен қатысушыларына алғысын білдіріп, алғыс хаттар табыстады.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз