Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Саябақтағы кітапхана

10 шілде 2026 17

Іс-шараның мақсаты – балалардың жазғы демалысын кітапханамен бірге пайдалы, қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Іс-шара барысында биылғы жылдың мерейтой иелерінің шығармалары мен балалар әдебиетінің үздік туындыларынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды.

Кеш барысында қала тұрғындары мен қонақтары аса жоғары қызығушылықпен қазақ және әлем әдебиетіне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар мен танымдық ойындарға белсене қатысты. Әдеби білімдерін сынап қана қоймай, тапқырлықтары мен ой ұшқырлықтарын сынап көрді. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Ашық аспан астында өткен мазмұнды кеш кітап сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітаптың рухани құндылығын дәріптеуге және оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз