Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Select language

Social Media

Library in the park

10 July 2026 18

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Саябақтағы кітапхана» жобасы аясында Әдеби викториналар мен зияткерлік ойындар кеші өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалардың жазғы демалысын кітапханамен бірге пайдалы, қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Іс-шара барысында биылғы жылдың мерейтой иелерінің шығармалары мен балалар әдебиетінің үздік туындыларынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілер назарына ұсынылды.

Кеш барысында қала тұрғындары мен қонақтары аса жоғары қызығушылықпен қазақ және әлем әдебиетіне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмалар мен танымдық ойындарға белсене қатысты. Әдеби білімдерін сынап қана қоймай, тапқырлықтары мен ой ұшқырлықтарын сынап көрді. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Ашық аспан астында өткен мазмұнды кеш кітап сүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітаптың рухани құндылығын дәріптеуге және оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға өз үлесін қосты.


Smart Assistant
Online

Hi! I am your digital assistant: Please, choose search category