Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

САЯБАҚТАҒЫ КІТАПХАНА

26 маусым 2026 37

САЯБАҚТАҒЫ КІТАПХАНА

Жазғы маусымның ашылу салтанатын Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Түркістан облыстық медиация кеңесінің төрағасы, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі Нарымбетова Роза Сыздыққызы және Қазақстан Республикасы Журналистер одағының, Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Өтебаева Несіпкүл Мейманханқызы салтанатты түрде ашып, жоба жұмысына сәттілік тіледі.

Құрметті қонақтар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мұндай игі бастамалардың маңыздылығына тоқталып, кітаптың рухани тәрбие мен білімнің сарқылмас қазынасы екенін атап өтті. Олар жас оқырмандарға ізгі тілектерін арнап, «Саябақтағы кітапхана» жобасының ел игілігіне қызмет етіп, балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі пайдалы өткізуіне мол мүмкіндік беретінін жеткізді.

Мерекелік бағдарлама аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби ойындар өткізілді. Балалар сүйікті кітаптарымен танысып, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды. Белсенді оқушыларға кітапхана тарапынан кітаптар сыйға берілді.

«Саябақтағы кітапхана» жобасы жаз мезгілінде тұрғындар мен қала қонақтарына ашық аспан астында кітап оқып, рухани демалып, мәдени-танымдық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Жоба алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, оқырмандарға қызықты кездесулер мен әдеби бағдарламалар ұсынатын болады.

Жазғы демалысты иімді пайдаланып, кітап әлеміне саяхат жасап, таным көкжиегіңізді кеңейтіңіз!


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз