Шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және оқырман мен шығармашыл тұлға арасындағы байланысты нығайту болды.
Кездесу кешін ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Ертөстік» және «Сердаш» сыйлықтарының иегері Сайлаухан Жоланов пен ақын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арқалық Әмәлият жүргізді.
Жүргізушілер кеш қонағымен еркін сұхбат өрбітіп, оның шығармашылық жолы, әдебиетке келуі, өмірлік ұстанымы мен тәжірибесі туралы әсерлі әңгіме өрнектеді. Подкаст форматында өткен кездесуде қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кеш барысында әдебиет пен кітап оқудың маңызы, жастардың рухани дамуы және шығармашылық ізденіс тақырыптары кеңінен сөз болды.
Шараға «QasymKitap» баспасы арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандар назарына соңғы жылдары жарық көрген таңдаулы әдеби туындыларды ұсынды. Көрмеде қазақ әдебиеті мен балалар әдебиетінің үздік үлгілері, танымдық және көркем шығармалар көпшілікке таныстырылды.
Подкаст форматындағы жүздесу жастардың қызығушылығын арттырып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. Кездесу соңында оқырмандар Хамит Ердеханға алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсті.