Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының бай әдеби мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, оның шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Мерекелік кеш барысында қатысушылар Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерінен үзінділер айтып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, балалар Абай әндерін орындап, шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Кітапхана мамандары ақынның өмір жолы мен әдеби мұрасы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті.
Кеш барысында ұйымдастырылған әдеби ойындар мен викториналар балалардың белсенді қатысуымен өтіп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Шара соңында қатысушылар Абай мұрасының мәңгілік құндылық екенін атап өтіп, ақын шығармаларын оқып-үйренудің маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға, Абай мұрасын келер буынға аманат етуге зор үлес қосады деп сенеміз.