Фестиваль барысында «Кітап – ұлт қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келушілерге таныстырылды. Көрмеге қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы туындылары, балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық, көркем әдеби және заманауи кітаптар қойылды.
Сонымен қатар, кітап дүкендерінің қатысуымен балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында оқырмандар жаңа кітаптармен танысып, өз қызығушылықтарына сай әдебиеттерді таңдау мүмкіндігіне ие болды.
Сондай-ақ, фестиваль аясында жаппай кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен келушілері қатысып, өздеріне ұнаған шығармаларды таңдап, бірге кітап оқыды.
Жаппай кітап оқу барысында қатысушылар сүйікті шығармаларынан үзінділер оқып, оқыған кітаптары туралы өзара пікір алмасты. Шара жылы әрі еркін шығармашылық орта қалыптастырып, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтты.