Балаларға қуаныш сыйлап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шараға жас оқырмандар мен ата-аналар қатысты.
Кеш барысында балаларға арналған қызықты ойындар, танымдық викториналар мен көңілді сайыстар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, кітапхана мамандары балалар әдебиетін насихаттайтын кітап көрмесін таныстырып, жас оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырды.
Мерекелік бағдарлама аясында балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында балаларға мерекелік балмұздақ таратылып, тәтті сыйлықтар ұсынылды.
Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, кітап оқуға баулу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсаттағы мерекелік кеш балаларға шаттық сыйлап, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсті.