Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

ЖАС ТАЛАНТТАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛ ҰЖЫМНЫҢ ЖЕҢІСІ

03 мамыр 2026 18

Фестиваль барысында вокал, хореография, аспаптық орындау, театр өнері және көркем сөз оқу сынды түрлі жанрлар қамтылып, қатысушылар өз шеберліктерін жан-жақты көрсетті. Аталған шараға еліміздің әр өңірінен келген қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.

Байқау қорытындысы бойынша кітапханамыздың тұрақты оқырманы, «Шебер қолдар» үйірмесінің белсенді қатысушысы Талғатқызы Раяна жоғары нәтиже көрсетіп, «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Оның шығармашылық жұмыстары қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, жас өнерпаздың ерекше талантын айқындады. Раянаны байқауға дайындаған кітапханамыздың «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Гүлбану Рашидова да шәкіртінің жетістігіне қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, кітапханамыздың «Қуыршақ театры» ұжымы да байқауға қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Олар «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша сахналанған қызықты әрі мазмұнды қойылым ұсынып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Нәтижесінде, облыстық балалар кітапханасының кітапханашылары Рашидова Гүлбану мен Қуанышбек Ақнұр «Театр өнері» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді. Бұл – олардың шығармашылық шеберлігі мен кәсіби деңгейінің жоғары екенін айқын дәлелдейді. Қойылым жетекшісі Бағила Абзейтова да қатысушыларды дайындаудағы елеулі еңбегі үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Аталған жетістік – кітапхана қызметкерлерінің жан-жақты шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, мәдени-ағартушылық бағыттағы жұмыстың нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Мұндай жетістіктер алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға шабыт беретіні сөзсіз.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз