Патриоттық сағат барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен мән-маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Мемлекеттік рәміздердің авторлары таныстырылып, олардың әрбір элементінің терең мазмұны мен ұлттық құндылықтарды бейнелейтін ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді.
Шара аясында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар ел тарихы, тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздер туралы әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, балалар патриоттық өлеңдер оқып, танымдық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушылар мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, туған елге деген мақтаныш сезімдерін білдірді. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін нығайтып, елжандылық рухын арттыруға ықпал етеді.