Ойын барысында балалар Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты түрлі тапсырмаларды орындап, жұмбақтардың шешімін тауып, әдеби сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық және логикалық сынақтардан өтті. Қатысушылар топпен жұмыс жасап, тапқырлықтарын, жылдамдықтарын және білімдерін көрсетті.
Шараның басты мақсаты – балалардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және ұлттық әдебиетке құрмет сезімін тәрбиелеу.
Қызықты тапсырмаларға толы квест ойыны балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың таным көкжиегін кеңейтіп, Абай әлеміне саяхат жасауына мүмкіндік берді.
Квест ойынында айрықша белсенділік танытып, тапқырлығымен, білімділігімен және ұйымшылдығымен ерекшеленген оқушыларға арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.