Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Еуразия жазушылар одағының президенті Уфук Тузман балалар кітапханасында қонақта болды.

28 қараша 2025 33

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ерекше қонақ – Еуразия Жазушылар одағының президенті Уфук Тузман мырза қонақта болды.

Кітапхана қызметімен танысу барысында Уфук Тузман балаларға арналған әдеби-мәдени жобаларға қызығушылық танытып, кітапхана ұжымының жас ұрпаққа рухани тәрбие берудегі еңбегіне оң бағасын берді. Сонымен қатар, ол түркі халықтарының арасындағы әдеби байланыстарды тереңдету, ортақ мұраларды ұрпақ санасына сіңіру жайында ой бөлісіп, балалар әдебиетінің қоғам үшін маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Уфук Тузман қазақ әдебиетіне деген ықыласын білдіріп, болашақта түркі елдері арасында әдеби-ағартушылық бағыттағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, кітапхананың қонақтар кітабына өз жылы лебізін жазып, ізгі тілегін естелік ретінде қалдырды. Ол тілегінде кітапхана жұмысына табыс, шығармашылық шабыт және түркі дүниесінің жас оқырмандарына рухани байлық сыйлай беруді тіледі.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз