Оқушылар шығарма мазмұнымен танысып қана қоймай, оның тарихи маңызы мен терең идеясына назар аударды. Роман арқылы ұлт тарихы мен адам тағдыры туралы әсерлі ойлар ортаға салынды.
Шараның ерекше тұсы – кітапхана дайындаған «Тағдыр» романы желісі бойынша комикстердің оқушыларға ұсынылуы. Бұл жаңашыл тәсіл жас оқырмандардың кітапқа қызығушылығын арттыра түсті.
Осындай игі бастамалар оқушылардың рухани әлемін байытып, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін нығайта түседі.