Кітап көрмесінің басты мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеу, тілге деген құрметті арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды жас ұрпаққа насихаттау.
Көрме барысында қазақ тілінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, олардың тіл, әдебиет және ұлттық руханият саласындағы еңбектеріне ерекше назар аударылды. Соның ішінде «Ұлт ұстазы» Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміне қосқан орасан зор еңбегі кеңінен сөз болды.
Көрмеге қазақ тілінің тарихы, әдебиеті, мәдениеті мен руханияты туралы кітаптар, сондай-ақ елге танымал қаламгерлердің шығармалары қойылды.
Тіл – халықтың жаны, ұлттың рухы, елдің бірлігін бекемдейтін құндылық. Ана тілін ардақтау – әр азаматтың парызы.
Тіл мерекесі қарсаңындағы тағылымды көрме көрермендерге рухани ой салып, кітап пен тілдің адам өміріндегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.