Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар арасында шахматтан стандартты квалификациялық турнир өткізілді.

22 мамыр 2026 39

Турнирге қатысқан балалар өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, шеберліктері мен тапқырлықтарын дәлелдеді. Әрбір қатысушы жеңіске деген жігерін танытып, ойын барысында ұқыптылық пен сабырлылықтың үлгісін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды.

Үздіктердің үздігі атанған қатысушылар:

1-орын: Бауыржанұлы Әл-Мади (Кентау қаласы)

2-орын Ахмаджанов Файз (Кентау қаласы)

3-орын Қыдырбай Нұрислам (Түркістан қаласы)

Жеңімпаздардың жетістігі жас қатысушыларға үлкен мотивация сыйлап, олардың шахматқа деген қызығушылығын арттыра түсті.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз