Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Мен зейінді баламын» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалардың зейінін дамытуға, ойлау қабілетін арттыруға және өз-өзіне деген сенімділігін нығайтуға бағытталған түрлі жаттығулар мен ойындар өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өзара пікір алмасып, жағымды көңіл күйде тарқасты.
Мұндай тренингтер балалардың тұлғалық дамуына оң әсер етіп, олардың ішкі әлеуетін ашуға, зейінді әрі жауапкершілікті болуға тәрбиелейді.