Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандардың ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, оның мол әдеби мұрасын насихаттау және ұлттық рухани құндылықтарға деген құрметін арттыру.
Сайыс барысында қатысушылар Абайдың өмірі, шығармалары, қара сөздері мен нақыл сөздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, Kahoot ойындары арқылы өздерінің білімдері мен зеректіктерін көрсетті. Танымдық ойындар арқылы оқырмандар ұлы тұлғаның шығармашылық мұрасын тереңірек танып, рухани азық алды.