Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Отан қорғаушы – мемлекет айбыны

07 мамыр 2026 21

Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, елін, жерін қорғаған батырларға деген құрмет сезімін арттыру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға Отан қорғаушылар күні мерекесінің мән-маңызы кеңінен түсіндіріліп, Қазақстан Қарулы Күштерінің қалыптасу тарихы жайлы танымдық мәліметтер берілді. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен батырлар мен бүгінгі күннің айбынды сарбаздары туралы тағылымды әңгімелер айтылды.

Кітапхана қызметкерлері арнайы тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырып, оқырмандарға әскери-патриоттық бағыттағы әдебиеттерді таныстырды. Көрме арқылы жас оқырмандар Отан қорғау тақырыбындағы шығармалармен танысып, тарихи деректерге қанықты. Мерекелік бағдарлама аясында балалар патриоттық өлеңдер оқып, ән шырқап, сахналық көріністер көрсетті.

Шара соңында белсенді қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды. Бұл мерекелік кездесу жас ұрпақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін арттыра түсті.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз