Мазмұнды шараның мақсаты – мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген мамандардың қоғамдағы рөлін насихаттау, олардың еңбегін дәріптеу және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды таныту болды.
Шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына мәдениет, өнер, әдебиет және ұлттық құндылықтар тақырыбындағы кітаптар ұсынылды. Көрмеде қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосқан тұлғалардың шығармалары мен тағылымды еңбектері көпшілік назарына таныстырылды.
Кеш барысында мәдениет саласының маңызы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, кітапхананың мәдени-рухани бағыттағы жұмыстары таныстырылды. Сонымен қатар, өнер мен әдебиетті ұштастырған әсерлі концерттік бағдарламалар ұсынылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Мерекелік кеш рухани құндылықтарды ұлықтап, мәдениет қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесін арттыруға бағытталған тағылымды әрі әсерлі шаралардың біріне айналды.