Іс-шара барысында балалар мен қала тұрғындары қызықты әдеби викториналарға қатысып, зияткерлік ойындар мен логикалық тапсырмалар арқылы өз білімдерін сынады. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен уақыттарын мазмұнды өткізді.
Кеш аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Оқырмандар кітаптармен танысып, өзара пікір алмасып, кітап оқудың маңыздылығы жайында әңгіме өрбітті.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ашық аспан астында өткен бұл мәдени кездесу балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, жазғы демалыстарын пайдалы әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді.