Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

18 маусым 2006 72

Аталған шараның басты мақсаты – кітапхана мамандарының цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи технологияларды тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру және қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеру.

Сабақ барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен танысып, мәтін өңдеу, ақпарат іздеу, деректерді талдау, сондай-ақ оқырмандарға қызмет көрсетуде AI құралдарын қолданудың тиімді жолдарын меңгерді. Сонымен қатар, практикалық тапсырмалар арқылы түрлі платформаларда жұмыс жасап, күнделікті қызметте қолдануға болатын нақты дағдылар игерілді.

Түркістан Hub IT орталығы алдағы уақытта кітапхана мамандары мен оқырмандарға арналған апталық жүйелі сабақтар өткізетін болады. Бұл бастама заманауи технологияларды кеңінен меңгеруге мүмкіндік беріп, цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған.

Аталған бастама кітапхана қызметін жаңғыртуға серпін беріп, қоғамның цифрлық мәдениетін қалыптастыруға және білімге деген қызығушылықты арттыруға зор ықпал етпек. Сонымен қатар, бұл жоба кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттырып, оқырмандарға сапалы әрі заманауи қызмет көрсетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз