Отбасы күніне орай кітапханада оқырмандардың қатысуымен «Бақытты отбасы – бақыт мекені» атты танымдық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақтың отбасыға деген сүйіспеншілігін арттыру, сыйластық пен татулықты насихаттау.
Танымдық сағат барысында қатысушыларға отбасы құндылықтарына байланысты қызықты сұрақтар қойылып, мақал-мәтелдер пазл арқылы құрастырылды. Оқырмандар тапсырмаларға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Отбасы – әр адамның өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен махаббаттың, тәрбие мен берекенің алтын бесігі. Осындай тағылымды шаралар арқылы ұлттық және отбасылық құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіту – маңызды міндет.
Берекелі отбасы – бақытты қоғамның негізі!