Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ::
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен мүсінші Тілеуберді Бинашевтың туғанына 70 жыл толуына орай «Ұлттық рухты ту еткен суреткер» атты сурет байқауы өз мәресіне жетті.

30 мамыр 2026 40

Байқауға қатысқан жас суретшілердің әрбір жұмысы – олардың ішкі жан дүниесінің, талғамының және өнерге деген шынайы ықыласының көрінісі. Көпшілікке ұсынылған жұмыстардың барлығы өзіндік ерекшелігімен, мазмұн тереңдігімен және орындау шеберлігімен дараланды.

Байқау жеңімпаздары:

І орын — Омархан Айхан

ІІ орын — Айтбай Мереке

ІІІ орын — Қайратұлы Расул

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің жетістіктеріңіз – еңбектің, табандылықтың және өнерге деген сүйіспеншіліктің айқын дәлелі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, шығармашылық жолда үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!

Өнерге деген сүйіспеншілік пен талпыныс танытқан барлық қатысушыларға және олардың шығармашылық ізденістеріне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшілеріне шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің еңбектеріңіз бен қолдауларыңыз – жас дарындардың қанаттануына үлкен себеп.


Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз