Шара аясында ұлттық қолөнер мен бейнелеу өнерінің тарихы, дамуы және көрнекті шеберлердің шығармашылығын насихаттайтын арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық қолөнер, сәндік-қолданбалы өнер, сурет өнері және қазақ халқының мәдени мұрасына арналған әдебиеттер қойылып, келушілер назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, байқауға қаламыздың белгілі қолөнер шеберлері өздерінің бірегей туындыларынан арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеде ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар, тоқыма, кесте, киізден және ағаштан жасалған қолөнер туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Шеберлер келушілерге әрбір бұйымның жасалу ерекшелігі мен ұлттық маңызы туралы кеңінен таныстырып, қазақтың дәстүрлі қолөнерінің бай мұрасын насихаттады.
Байқауға 10-14 жас аралығындағы өнерлі оқушылар қатысып, өздерінің тың туындылары мен ерекше шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын және бейнелеу өнері бағытындағы жұмыстарын таныстырып, жоғары шеберліктерін көрсетті.
Байқауға әділ қазылық еткен қазылар алқасы қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын жан-жақты саралап, олардың көркемдік деңгейін, идеялық мазмұнын, орындау шеберлігін және ұлттық құндылықтарды насихаттау ерекшелігін бағалады.
Байқау нәтижесі бойынша:
Сурет өнері байқауының жеңімпаздары:
![]()
І орын –Тәңірберген Раяна
![]()
ІІ орын –Эркинова Севгила
![]()
ІІІ орын – Сапар Каусар иеленсе,
Қолөнер байқауының жеңімпаздары:
![]()
І орын – Асқарқызы Айкөркем
![]()
ІІ орын – Міншәріп Динара
![]()
ІІІ орын – Аманқұл Абдуғани иеленді.
Сонымен қатар, байқауға қатысқан барлық жас өнерпаздарға шығармашылық белсенділігі мен өнерге деген қызығушылығы үшін арнайы Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Байқау жас таланттарды жаңа жетістіктерге ынталандырып, ұлттық өнерді дамытуға деген құлшыныстарын арттыра түсті. Сонымен қатар, ұлттық өнерді ұлықтап, мәдени мұрамызды дәріптеуге, шығармашыл балалардың өнерін шыңдауға және жас буынның өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік берді.