Томда Абайдың ақындығы, шығармашылық құпиясы әдебиеттану ғылымының қазіргі заманғы феноменологиялық аспектілері тұғысынан талданады. Зерттеудің әлеуметтік, философиялық, антропологиялық және психологиялық қырларының көркемдік-эстетикалық ұстанымдармен өрелесуі – Абай поэзиясының көпқабатты сипатын, мәтіндік мәнін, құрылымын жүйелі құбылыс ретінде анықтауға қарай бағытталады.