Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы|Бағдарламалар мен жобалар
logo

Сайт тілің таңдау

Әлеуметтік желілер

Бағдарламалар мен жобалар

 

Бағдарламалар мен жобалар

Мақсаты мен мүддесі

Жоба авторы

Іске асыруға жауаптылар

1

«Алтынсарин тағылымы – тәрбиенің темірқазығы» облыстық балалар байқауы

 

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұлы ағартушының шығармаларын облыс көлемінде кеңінен насихаттау.  Балаларды ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбегімен тереңірек таныстыру; Ғылыми ізденіске баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Ыбырай мұрасын насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

2

«ТалқыLike»

Қалалық кітап талқылау жобасы

Түркістан облысының білім басқармасы, Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты мемлекеттік және жекеменшік мектептер арасында кітап талқылау клубы.

Талқылау айына екі рет өтеді.

Әр бас қосуға әр  мектептің оқушылары қатысып, алдын-ала таңдалған шығарманы талқылайды.

Жыл соңында мектеп оқушылары жыл бойы талқыланған шығармалар бойынша зияткерлік ойынға қатысады.

Қалалық мектеп оқушылары

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

3

«Саяхатшы қуыршақтар»

жобасы

Түркістан қаласындағы балабақша тәрбиешілеріне, балаларына кітапхананы таныту, балаларды қуыршақ театры арқылы ертегіге, кітапқа деген қызығушылығын ояту.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

4

«Әжемнің өсиеті»

жобасы

Өскелең ұрпақты білім мен ғылымға жетелеумен қатар, қазақтың ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін үйрету мақсатында ұйымдастырылған жоба. Жобаның мерзімі жыл бойына жалғасады.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

5

«Бала терапиясы»  жобасы

Облыстық балалар кітапханасы жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануы, қазіргі тоқтаусыз қозғалыс көбейген кезеңде баланың ой-санасы дұрыс дамуы мақсатында сурет салу, құм терапиясы, лэд экран арқылы қалауындағы ертегіні көру, мүсін жасау терапиясы, қолдан түрлі дүниелер жасау т.б. жұмыстармен айналысуына мүмкіндік береді.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

6

«Оқырман ата-ана» клубы

Облыстық балалар кітапханасының оқырман ата-аналарының қатысуымен жүзеге асады. Клуб қатысушылары жыл бойы түрлі шығарманы оқып, бірге талқылайды.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

7

Домбыра үйірмесі

Балаларды ұлттық өнерге баулу, рухани мәдениетін дамыту және бос уақытын кітапханада пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағытталған. Үйірмеге кітапханамыздың барлық оқырмандары қатыса алады. Сабақтар барысында қатысушылар домбыра тартудың негізгі қағидаларын меңгеріп, қазақтың халық күйлері мен әндерін үйренеді. Үйірме ақысыз негізде өткізіліп, аптасына екі рет, бір сағаттан ұйымдастырылады. Үйірме балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын қалыптастырады.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

8

Шебер қолдар үйірмесі

Қолөнер бұйымдарына қызығатын оқырмандарға арналған шығармашылық үйірме. Үйірмеге 11–15 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады. Сабақтар барысында қатысушылар түрлі қолөнер техникасымен танысып, өз қолдарымен әсем және пайдалы бұйымдар жасауды үйренеді. Үйірме айына екі рет өткізіледі. Бұл үйірме балалардың шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын және қиялын дамытуға бағытталған.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

9

Шахмат үйірмесі

Шахмат саласында өте білікті, тәжірибелі маман оқушыларға кәсіби деңгейде сабақ береді. Үйірме ақылы негізде жүргізіледі және аптасына екі күн, таңғы уақыттан кешке дейін өткізіледі. Сабақ барысында қатысушылар шахматтың негізгі ережелерін меңгеріп қана қоймай, логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық жоспарлау мен зейінділікті дамытуға бағытталған жаттығулар орындайды. Сонымен қатар турнирлерге дайындық жүргізіліп, әр оқушының деңгейіне сай жеке тәсілдер қолданылады.

Облыстық балалар кітапханасы

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы

 

 

Smart-көмекші
Желіде

Сәлем! Мен сіздің цифрлық көмекшіңізбін: Кажетті санаттары таңданыз