Бағдарламалар мен жобалар

Бағдарламалар мен жобалар

Бағдарламалар мен жобаларМақсаты мен мүддесіЖоба авторыІске асыруға жауаптылар
1«Алтынсарин оқулары» облыстық балалар байқауы

Бұл байқау 2025 жылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалған қаламгердің шыгармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Байкаудың максаты – ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, балаларға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар, байқау қоғамның отандық әдебиетіне, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын apы қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызу. Ең көп оқитын оқырмандарды анықтау және оларға қолдау керсету.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
2

«ТалқыLike»

Қалалық кітап талқылау жобасы

Түркістан облысының білім басқармасы, Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты мемлекеттік және жекеменшік мектептер арасында кітап талқылау клубы.

Талқылау айына екі рет өтеді.

Әр бас қосуға әр  мектептің оқушылары қатысып, алдын-ала таңдалған шығарманы талқылайды.

Жыл соңында мектеп оқушылары жыл бойы талқыланған шығармалар бойынша зияткерлік ойынға қатысады.

Қалалық мектеп оқушыларыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
3

«Саяхатшы қуыршақтар»

жобасы

Түркістан қаласындағы балабақша тәрбиешілеріне, балаларына кітапхананы таныту, балаларды қуыршақ театры арқылы ертегіге, кітапқа деген қызығушылығын ояту.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
4

«Әжемнің өсиеті»

жобасы

Өскелең ұрпақты білім мен ғылымға жетелеумен қатар, қазақтың ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрін үйрету мақсатында ұйымдастырылған жоба. Жобаның мерзімі жыл бойына жалғасады.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
5«Бала терапиясы»  жобасы

Облыстық балалар кітапханасы жас жеткіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануы, қазіргі тоқтаусыз қозғалыс көбейген кезеңде баланың ой-санасы дұрыс дамуы мақсатында сурет салу, құм терапиясы, лэд экран арқылы қалауындағы ертегіні көру, мүсін жасау терапиясы, қолдан түрлі дүниелер жасау т.б. жұмыстармен айналысуына мүмкіндік береді.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
6«Оқырман ата-ана» клубы

Облыстық балалар кітапханасының оқырман ата-аналарының қатысуымен жүзеге асады. Клуб қатысушылары жыл бойы түрлі шығарманы оқып, бірге талқылайды.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
7Домбыра үйірмесі

Балаларды ұлттық өнерге баулу, рухани мәдениетін дамыту және бос уақытын кітапханада пайдалы әрі мазмұнды өткізуге бағытталған. Үйірмеге кітапханамыздың барлық оқырмандары қатыса алады. Сабақтар барысында қатысушылар домбыра тартудың негізгі қағидаларын меңгеріп, қазақтың халық күйлері мен әндерін үйренеді. Үйірме ақысыз негізде өткізіліп, аптасына екі рет, бір сағаттан ұйымдастырылады. Үйірме балалардың шығармашылық қабілетін арттырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын қалыптастырады.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
8Шебер қолдар үйірмесі

Қолөнер бұйымдарына қызығатын оқырмандарға арналған шығармашылық үйірме. Үйірмеге 11–15 жас аралығындағы оқырмандар қатыса алады. Сабақтар барысында қатысушылар түрлі қолөнер техникасымен танысып, өз қолдарымен әсем және пайдалы бұйымдар жасауды үйренеді. Үйірме айына екі рет өткізіледі. Бұл үйірме балалардың шығармашылық қабілетін, ұқыптылығын және қиялын дамытуға бағытталған.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы
9Шахмат үйірмесі

Шахмат саласында өте білікті, тәжірибелі маман оқушыларға кәсіби деңгейде сабақ береді. Үйірме ақылы негізде жүргізіледі және аптасына екі күн, таңғы уақыттан кешке дейін өткізіледі. Сабақ барысында қатысушылар шахматтың негізгі ережелерін меңгеріп қана қоймай, логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық жоспарлау мен зейінділікті дамытуға бағытталған жаттығулар орындайды. Сонымен қатар турнирлерге дайындық жүргізіліп, әр оқушының деңгейіне сай жеке тәсілдер қолданылады.

Облыстық балалар кітапханасыТүркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы