65 жылдыққа жаңа ғимарат сыйға берілді.

65 жылдыққа жаңа ғимарат сыйға берілді.

photo_141
Жаңалықтар

65 жылдыққа жаңа ғимарат сыйға берілді.

2026 жылы Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының құрылғанына 65 жыл толып отыр. Бұл – өңір руханияты мен жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыру жолында атқарылған ауқымды еңбектің айқын көрінісі.

Айтулы мерейтой аясында кітапхана ұжымына зор қуаныш сыйлаған ерекше жаңалық – Түркістан қаласының төрінен заман талабына сай жаңа ғимараттың тарту етілуі болды. Бұл игілікті бастама кітапхананың қызметін жаңа деңгейге көтеріп, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, заманауи форматтағы мәдени-ағартушылық іс-шараларды кеңінен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа ғимарат – тек материалдық база ғана емес, ол – балалар мен жасөспірімдердің білімге, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыратын, шығармашылық қабілеттерін дамытатын, рухани орталыққа айналатын маңызды нысан. Мұнда оқырмандар үшін қолайлы оқу залдары, цифрлық ресурстармен жұмыс істеуге арналған кеңістіктер, түрлі үйірмелер мен кездесулер өткізуге арналған заманауи алаңдар қарастырылған.

Осынау мерейлі белес пен жаңа ғимараттың табысталуы – кітапхана тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы. Бұл игі іс алдағы уақытта да кітапхана қызметінің дамуына серпін беріп, өскелең ұрпақтың сапалы білім мен тағылымды тәрбие алуына өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

Фотогалерея